Атырауда діни ағым өкілінен тыйым салынған кітаптар тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото ашық дереккөзден

Атырауда деструктивті діни ағым өкілінен тапанша, тыйым салынған кітаптар тәркіленді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде діни ағым өкілін ұстаған.

 «Теріс ағым жетегіндегі 29 жастағы жігіттің тұрғылықты мекен-жайы тексеру жүргізілді. Оның мекен-жайына тінту жүргізу кезінде 9 мм «МР-79» калибрлі травматикалық тапанша мен 14 дана патрон, Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тиым салынған мағлұматтары бар 5 дана флеш-карта мен 17 дана діни кітап тәркіленді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір күдікті ретінде ұсталған деструктивті діни ағым өкілі ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Атырау қалалық полиция басқармасының №2 полиция бөлімімен күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.