29.05.2022, 17:19
Жаңалықтар
БҚО-да жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті
Бұл – биылғы осындай бірінші оқиға
Фото ашық дереккөзден
Батыс Қазақстан облысында жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті. Бұл туралы БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 28 мамыр күні Ақжайық ауданы Алмалы ауылында болды.
Сағат 18.00-де ауылдан 3 шақырым жердегі Жайық өзенінде шомылуға тыйым салынған жерде алдағы айда 15 жасқа толатын ер бала батып кетті. Кешеден бері іздестіру жұмыстары жүргізіліп, марқұмның денесі 29 мамыр күні сағат 07.00-де оқиға болған жерден 50-60 шақырым қашықтан табылып, судан шығарылды.
Бұл – биылғы осындай бірінші оқиға.
Өткен жылы облыста 24 адам суға кетсе, соның 8-і балалар еді.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты