Инфекция жұқтырғандар үші өңірде тіркелген
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 9 адамнан анықталды. Бұл деректі індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 3,
Алматы қаласында - 5,
Солтүстік Қазақстан облысында – 1.
Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырудың 1 305 732 жағдайы тіркелді.