Бұған дейін қазақстандық команда «Үлкен дулыға» турнирлерінде жартылай финалға шығып көрмеген
Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2020 турнирінің жұптық кезеңінде қазақстандық Михаил Кукушкин мен Александр Бублик жарыстың жартылай финалына шықты. Олар жарыстың ширек финалында аустралиялық Джеймс Дакворт пен Марк Полманстен басым түсті.
Корттағы тартыс 1 сағат 43 минутқа созылып, 7:6 (8:6), 7:5 есебімен Кукушкин/Бублик жұбы жеңіске жетті. Енді олар жартылай финалда Раджив Рам (АҚШ) және Джо Салсбери (Ұлыбритания) жұбына қарсы ойнайды. Жарыс 29 қаңтарда өтеді.
Естеріңізде болса, осы турнирде жекелей сында өнер көрсеткен Михаил Кукушкин мен Александр Бублик алғашқы айналымда-ақ жеңілген еді.