Көкшетауда ішімдік ішкен азамат көршісінің үйіне бензин шашып, өртеп жібермек болды

Автор: Azattyq Rýhy

Үйде кәмелетке толмаған 5 бала болған

фото: www.1obl.ru

Көкшетауда ішімдік ішкен екі адам көршісінің үйіне бензин шашып, өртеп жібермек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

26 мамыр күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын қоңырау шалып, көршісі оның үйіне бензин шашып, өртеп жібермекші екенін хабарлаған.

Оқиға орнына дереу келген учаскелік инспектор полиция капитаны Борис Толгуров пен лейтенант Ерқанат Орынбай үйден мас күйдегі екі ер адамды көрген. Олар үйдің барлық бөлмесіне бензин шашып жүрген.

«Ішімдік ішкен екі азамат оттықты қолданып, үйді өртемек болды. Сондықтан тәртіп сақшылары оларды жедел ұстап, полиция басқармасына жеткізді. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деп көрсетті Ақмола облыстық полиция департаменті.

Оқиға болған кезде кәмелетке толмаған төрт бала үйдің ауласында жүрген, ал біреуі үйдің ішінде болған.