СҚО-да 58 жастағы ауыл тұрғыны жарылғыш зат туралы жалған хабарлама үшін екінші рет сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот үкімімен ол 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды

фото: Polisia.kz

Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген солтүстікқазақстандық азамат 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол масаң күйде Төтенше жағдайлар департаментіне қоңырау шалып, Петропавлдағы көпқабатты үйлердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған.

«Күдікті Аққайың ауданының Қиялы ауылында ұсталды. Бұрын ол осындай қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген. Бұл бағытта тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», – дейді СҚО ПД Экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.