Соған орай спорт сүйер қауымның қатысуымен велошеру ұйымдастырылады
Елордада 28 мамырда веломаусымның ашылуына орай велошеру өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Велошеруге қатысушылар екі қашықтықты жүріп өту қажет:
Кіші қашықтық – 3 км, қатысушылар Үркер елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.
Үлкен қашықтық – 20 км, қатысушылар айналма веложолдан (Қосшы жағына қарай жол бойында) бастап, Үркер елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.
Қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу 28 мамыр күні сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін жалғасады. Ал басталуы сағат – 10:00-де.
Велошеру аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады. Әрбір қатысушы өз велосипедімен шеруге жіберіледі.
«Іс-шара спорттық жарыс емес, оның басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және қала тұрғындарын дене шынықтырумен, яғни велоспортпен белсенді шұғылдануға қызықтыру», деп көрсетті қала әкімдігінің баспасөз қызметі.