СҚО полицейлері бір үйір жылқыны айдап әкеткен ұрыны ұстады

Автор: Azattyq Rýhy

Жайылымнан жоғалған жылқылар Қостанай облысынан табылды

фото: Polisia.kz

СҚО полицейлері бір үйір жылқыны ұрлаған аудан тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда жайылымда жүрген 13 жылқы жоғалған. Шығын шамамен 10 млн теңгені құрады. Мал  иесі біраз уақыт бойы жылқыларын өз күшімен іздеген, алайда таба алмаған соң полицияға арызданған.

 Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталған аудан тұрғындарының қылмысқа қатысын тексерді. Нәтижесінде ұрланған жылқылар КамАЗ көлігімен Қостанай облысына жеткізіліп, сол жақта сатылғаны анықталды.

Ұрлық жасады деген күдікпен бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 30 жастағы азамат ұсталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-1-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.  

Жылқылар толықтай иесіне қайтарылды.