Ақмолада із-түссіз жоғалған Ресей азаматы іздестіріліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 17 мамыр күні жоғалып кеткен

фото: Ақмола облысы ПД

Ақмолада із-түссіз жоғалған Ресей азаматы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

22 мамыр күні Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны хабарласып, жұбайының ағасын табуға көмек көрсетуді сұраған. Белгілі болғандай 45 жастағы Ресей азаматы Сергей Сергеевич Бирюков 17 мамыр күні Көкшетау қаласының орталық базарынан белгісіз бағытта кетіп қалып, осы уақытқа дейін оралмаған.

Белгілері: бойы 160-165 см, дене бітімі орташа, сақалы ағарған, қысқа шашты, шашы ағарған.

Үстінде қара түсті күртеше, көк футболка, баумен байланатын ақ түсті кеды, қара кепка, қара джинсы шалбар киген. Өзімен бірге РФ азаматының паспорты және "Самсунг" маркалы ұялы телефоны бар.