ҚР БҒМ ғылым комитетінің төрағасы тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бүгінге дейін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры қызметін атқарды

Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Әділет Тойбаев Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әділет Тойбаев 1982 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Қазақстан тарихы» және «Білім берудегі менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты.

  • 2008-2009 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы болып жұмыс істеді.
  • 2009-2011 жылдары әдістемелік бөлімнің меңгерушісі, ҚазҰУ-дың оқу мәселелері жөніндегі директоры қызметін атқарды.
  • 2011-2013 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі болды.
  • 2013-2017 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры болды.
  • 2017-2018 жылдары Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің оқу ісі жөніндегі бірінші проректоры қызметін атқарған.
  • 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры қызметін атқарды.