24 мамырда астаналық құлақтандыру жүйелерін тексеру жұмыстары жүргізіледі
24 мамырда 09 сағат 55 минутта радио арналарды қамти отырып, электродабылдарын қосу арқылы Нұр-Сұлтан қаласының құлақтандыру жүйелерін тексеру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық ТЖ департаменті төтенше жағдай болған кезде халықтың назарын аудару үшін электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылатынын, ол «Баршаңыздың назарына!» біріңғай құлақтандыру дабылын білдіретінін ескертеді.
Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар төтенше жағдайда әрекет ету туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар,радиолар және т.б.) қосуы керек.
«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады», - делінген ведомство хабарламасында.