ҚР ІІМ Кинологиялық орталығының бастығы сотталды – Антикор

Автор: Azattyq Rýhy

Қарамағындағылардан жалпы сомасы 1 675 000 теңге сыйлықақы алды деп күдіктенген

Фото ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ Кинологиялық орталығының бастығы А.А. Болғымбаеваға қатысты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«А.А. Болғымбаева 2021-2022 жылдары өзінің қарамағындағылардан жалпы сомасы 1 675 000 теңге болатын, сыйлықақы төлемі ретінде берілген ақшалай алым жасады деп күдіктенген.

19.05.2022 жылы Алматы қаласы бойынша Түрксіб аудандық сотының үкімімен А.А. Болғымбаева мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген ведомство хабарламасында.