Ораз Жандосов министр Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Министр корпоративтік басқарудың сауатты жүйесін ЦДИАӨМ-ге енгізгісі келетінін айтты

Ораз Жандосов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы ведомство басшысы Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол өз сөзінде кейде маңызды шешім қабылдау үшін тәжірибелі кісілердің кеңесі қажет болатынын айтып өтті.

«Маған кез-келген сәтте консультация беретін аса тәжірибелі, өзім арқа сүйейтін кісілердің бірі – Ораз Әлиұлы Жандосов. Онымен Қазпоштада жұмыс істегенде танысқан болатынмын, ол кезде тәуелсіз директор болатын және Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Леонидовна Бахмутовамен бірге маған тәжірибелік тұрғыда көп қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар жасаған еді. Сонда құрылған корпоративтік басқарудың сауатты жүйесін осында, яғни ЦДИАӨМ-де енгізгім келеді», - деп жазды министр.