27 мамырда ол біздің ғаламшардан 4 млн шақырым қашықтықта ұшып өтеді
Жерге алып астероид жақындап келеді, деп Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Астероидтің атауы – 7335 (1989 JA). Қазіргі уақытта аспан денесі Жерге жақындап келеді, дегенмен NASA сарапшылары адамзатқа төніп тұрған қауіп жоқ деп отыр. Бұл туралы Live Science мәлімдеді.
27 мамырда ол біздің ғаламшардан 4 млн шақырым қашықтықта ұшып өтеді. Бұл Жер мен Ай арасындағы арақашықтықтан шамамен 10 есе көп.
Алайда диаметрі 1,8 км болатын ғарыш тасының көлемін және ғарыш кеңістігіне шаққанда жақын арақашықтықты ескере отырып, ғалымдар қауіпті толықтай жоққа шығармау керектігін де алға тартады. Егер оның орбитасы өзгерсе, біздің ғаламшар үшін салдары қорқынышты болуы мүмкін.
7335 (1989 JA) – биыл Жерге жақындайтын ең алып астероид. Ғалымдардың мәліметінше, ол сағатына 76 000 км жылдамдықпен ұшып келеді, бұл дегеніміз атылған оқтан 20 есе жылдам.