Оралда 20 жастағы бойжеткен жол апатынан мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол көлігімен аялдама тұсындағы жарнама бағанына соғылған

Жол апаты бүгін таңғы 05.05 шамасында Зачаган кентіндегі Жәңгір хан көшесі бойында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Пост» аялдамасы тұсында 20 жастағы жүргізуші Toyota автокөлікгінің руліне ие бола алмай, жарнама қалқаны бағанына соғылған. Көлікте жүргізушіден басқа 2002 жылғы қыз болған. Екеуі де ауруханаға жеткізілген, алайда біреуі есін жимастан қайтыс болды.

Қазір бұл факті бойынша ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тегтер: