Қазіргі уақытта аталған азамат ұсталып, тексеру жүргізілуде
Елордадағы қоғамдық көлікте жасөспірім қыз балаға тиіспек болған ер адамның кім екені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy astanatv-ға сілтеме жасап.
«19 мамыр күні сағат 20:12-де "Сарыарқа" ауданының полиция басқармасына қоғамдық көлікте кәмелетке толмаған қызға тиіскен белгісіз ер адамға қатысты шара қолдану туралы өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта аталған азамат ұсталып, тексеру жүргізілуде», деп көрсетті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті.