Кеше «Ақсу» - «Ордабасы» командалары арасындағы матч кезінде стадионның шатырын жел көтеріп кеткен болатын
Шымкентте орталық стадионның шатыры құлауына қатысты тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кеше Шымкент қаласында футбол матчы кезінде стадионның шатыры ұшып, ойын алаңына түскен болатын.
«Орталық стадиондағы шатырдың құлауы туралы хабарлама түсе салысымен оқиға орнына полицияның жедел-тергеу тобы барды. Белгілі болғандай, Павлодардың «Ақсу» - «Ордабасы» командалары арасындағы футбол матчы кезінде қатты желдің салдарынан шатыр құлаған. Оқыс жағдайдан зардап шеккендер жоқ. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 278-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды» деп көрсетті Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.