Жезқазғанда тұрғындар жылу - электр орталығында апат болып, салдарынан жарық және сумен қамтамасыз ету тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін, 21.05.2022 жылы сағат 16.25-те Жезқазған қаласында электр тогының қатты соққысы және қысқа тұйықталу нәтижесінде ЖЭО электрмен жабдықтаудан ажыратылды. Тиісті қызметтер ақаулықтарды жоюға кірісті», деп көрсетті қалалық әкімдік.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қалаға электр қуаты мен су қайта беріледі.