Степногорда ұрланған телефоннан онлайн-несие рәсімдеген жігіт ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жәбірленуші несие туралы банктен хабарлама келгенде ғана білген

фото. rus.lsm.lv

Степногорда ұрланған телефоннан онлайн-несие рәсімдеген жігіт ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақмола облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Степногор қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, биылғы жылдың 31 қаңтарында белгісіз адам өзіне тиесілі "Samsung S9" маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін және ұялы қосымша арқылы 1 млн теңгеге онлайн-несие ресімдегенін хабарлаған.

Жәбірленуші несие туралы банк картасынан қарыз сомасы ұсталғаннан кейін ғана білген.

«Тергеу-жедел іс-шаралар барысында Степного қаласының 26 жастағы ұсталды. Спирттік ішімдік ішіп отырғанда несие рәсімдеу үшін жәбірленушімен суретке түсіп, видео жазғаны анықталды», деп көрсетті полицейлер.

Аталған факті бойынша полиция басқармасы ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі "ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.