Велошеру 21 мамырда өтуі тиіс болатын
Елордада балалар жылы мен жаңа веломаусымның басталуына орай жаппай веложарыс өткізу жоспарланып отыр. Іс-шара 28 мамырда өтеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған дейін хабарланғандай, жаппай велошеру 21 мамырда өтуі тиіс болатын. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты 28 мамырға ауыстырылды.
Іс-шара «Астана Орманы» жасыл белдеуінің веложолында өтеді.
Қатысушылар 3 шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Тіркеу сағат 09.00-де басталады, ал басталуы – сағат 10.00-де.
Ұйымдастырушылар велошеру спорттық жарыс емес екенін айрықша атап өтті.
Сол сияқты қатысушылар арасында лотерея ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.