Қызылорда облысында полиция тоқтатқан көліктен жарылғыш зат табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ал жүргізуші орындығының астынан шөп ұнтағы анықталды

Қызылорда облысы ПД

Қызылорда облысында көлік ішінен гранатаға ұқсас жарылғыш зат табылды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өңірде «Заңсыз тасымалдаушы» жедел сауықтыру шарасын өткізіп жатыр.

«Аталған шара барысында «Самара-Шымкент» тасжолының бойында күдікті көлік тоқтатылды. Тексеру барысында көліктің жүксалғышындағы сөмкенің ішінен пакетке оралған гранатаға ұқсас жарылғыш зат табылды. Ал жүргізуші орындығының астынан 2 дана газет қиындысына оралған өзіне тән ерекше иісі бар шөп ұнтағы анықталды. Сараптамаға сәйкес, шөп ұнтақтарының кептірілген марихуана екендігі белгілі болды», - делінген хабарламада.

 Ведомство мәліметінше, аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Онда қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру тәртібі көрсетілген.