Үсік жүруі мүмкін: демалыс күндері ауа райы қандай болады

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың бүкіл аумағында ауа райы тұрақсыз болады

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 21-23 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Республиканың бүкіл аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Күн күркіреп, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыста, сондай-ақ оңтүстік өңірлердің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Батыста, солтүстік- батыста түнде және таңертең топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Сондай-ақ батыс аумақта күндізгі температура 8-18-ден 15-28 градусқа дейін көтеріліп, қалған аумақтарда температура төмендейді.

Күндіз солтүстікте, орталықта 25-30-дан 15-20-ға дейін, елдің оңтүстігінде және шығысында 28-33-тен 17-25 градусқа дейін болады деп болжанып отыр.