Түркістандағы мектепке күн электр станциясы орнатылды

Автор: Azattyq Rýhy

1900 оқушы білім алатын мектеп шығынын азайтады

Фото: Otyrar.kz

Түркістан қаласындағы мектепке алғаш рет қуаттылығы 50 киловатқа тең күн электр станциясы орнатылды. Аталған жобаның ашылу салтанатына облыс әкімі, БҰҰ даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі, ірі компания өкілдері қатысты. Бұл туралы Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев күн көзінен қуат алатын құрылғының ерекшелігін атап өтті. Айтуынша біріншіден, мектептің электр қуатына жұмсайтын шығын едәуір азаяды, екіншіден оқушылар энергия өндірудің жаңа түрімен танысып, оны өз көздерімен бақылауға мүмкіндік алады.

Жоба аясында күн панелімен сыртқы жарықтандыру шамдары орнатылып, оқу сыныптарындағы жарықтандыру жүйесі жаңғыртылған. Арнайы жылуды реттеу клапандары, энергия үнемдейтін құралдар, су құбырына есептегіштер, жарықдиодты шам және термореттегіштер орнатылған.

Аталған жобаның көмегімен 1900 оқушы білім алатын мектеп біраз шығыны мен энергия тұтыну мөлшерін қысқартады.