Ол бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған
Өскеменде пробация қызметкерлерінен жасырынған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Облыс аумағында пробациялық есепте тұрғандарды тексеру мақсатында профилактикалық шара өтіп жатыр. Іс-шара аясында пробация қызметкерлері жазадан жалтарған адамды қолға түсірді.
«Бұл сотталған азамат бұрын да бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған. Осыған байланысты оның аяғына электронды білезік тағылып, қадағалау жасалды. Соған қарамастан ер адам талапқа бағынбады», – делінген ведомство хабарламасында.
Сот шешімімен ұсталған тұлға бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Енді ер адам 7 ай түрмеде отырады.