Сол сияқты 222 шетелдік нөмірлі авокөлік иелері сақтандыру құжатынсыз жүргені белгілі болды
«Қорғау» бағдарламасы арқылы шымкенттік полицейлер сақтандыру құжатынсыз жүрген 292 көлікті анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтары мен жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін әзірленген «Қорғау» бағдарламасының көмегімен шымкенттік полицейлер оны қолданысқа енгізген сәттен бастап қала жолдарында 3991 құқық бұзушылық жасаған 902 автокөлікті анықтады.
Сонымен қатар ҚР тіркеуде тұрған, бірақ сақтандыру құжатынсыз жүрген 292 көлік анықталды. Осы уақыт аралығында заң талаптарын бұзған 381 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.
Бұдан өзге 222 шетелдік нөмірлі авокөлік иелері сақтандыру құжатынсыз жүргені белгілі болды. Өз кезегінде тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.