$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде жыл сайын 600 балаға қатерлі ісік диагнозы қойылады

Қазақстанда балалар онкологиясын ерте диагностикалауда оң динамика байқалады

Елімізде жыл сайын 600 балаға қатерлі ісік диагнозы қойылады
Фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мәліметі бойынша, соңғы жеті жылда бұл көрсеткіш өзгермеген. Бұл әлемдік статистикамен салыстырғанда төмен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар Қазақстанда балалар онкологиясын ерте диагностикалауда оң динамика байқалады. Егер 2015 жылы бастапқы кезеңдегі қатерлі ісік науқастардың үштен бірінде ғана анықталса, былтыр науқастардың жартысына ерте диагноз қойылды.

Мамандар бұрын онкологиялық дертке шалдыққан балалар шетел емханаларына емделуге жіберілсе, қазір оларға еліміздегі озық әдістер мен тиімді дәрі-дәрмектің қолжетімді екенін айтады.

«Емдеу жан-жақты жүргізіледі. Біріншіден, бағдарламалық полихимиотерапия. Айта кету керек, емдеудің клиникалық хаттамасы халықаралық нұсқаулар негізінде әзірленіп, біздің жағдайларға бейімделген. Бұл хирургиялық операциялардың барлық түрін қамтиды. Сәулелік терапия және 2012 жылдан бастап біз гемопоэтикалық жасушаларды трансплантациялауды жасап келеміз», – дейді педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, басқарма басшысының орынбасары Ләззат Манжуова.

Серіктес жаңалықтары