Қазіргі уақытта 3 063 әйел жүкті
Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 1 307 сәби дүниеге келді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2021 жылдан бастап Президент тапсырмасы бойынша «Аңсаған сәби» арнауы бағдарламасы іске қосылды. Онда 2026 жылға дейін экстракорпоральды ұрықтандыруға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген. Осы жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша ЭКҰ арқылы 1 307 бала дүниеге келді. Қазір 3 063 әйел жүкті, ол 43 пайызды құрайды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.