Республикалық бюджеттен 16,4 млрд теңге мөлшерінде қаржыландыру көзделген
ҚР Президенті жариялаған Балалар жылы аясында балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі шараларды іске асыру бөлігінде Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі аурулардың алдын алуға ерекше назар аударады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ДСМ басшысы Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасының Президенті 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде Министрлік алдын алуға ерекше назар аударатын болады. Осыған байланысты жүргізіліп жатқан зерттеулердің ағымдағы көлемін ескере отырып, балаларды профилактикалық тексеру пакеттері кеңейтілетін болады», - деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, республикалық бюджет қаражатынан 16,4 млрд теңге мөлшерінде қаржыландыру, сирек кездесетін 9 ауруы бар, оның ішінде жұлын-бұлшық ет атрофиясы және эпилепсиясы бар балаларды емдеу үшін дәрілік заттардың 24 позициясын сатып алу көзделген.
«2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды, онда 2026 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген. Осы жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша ЭКҰ арқылы 3063 әйел жүкті болды, 1307 бала дүниеге келді», - деді Ажар Ғиният.
Сонымен қатар, ведомство басшысы өз сөзінде аурухана инфрақұрылымын жаңғырту туралы айтқан болатын, осы тапсырманы іске асыру аясында ағымдағы жылы 20 медициналық нысан ашу жоспарланған, 2023 жылы 37 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, 2025 жылға қарай 500 МСАК нысанының құрылысы жоспарланған.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында министрлік медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу механикасын әзірледі, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісінің үлесін арттыруды қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдады.