$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында 1500-ге жуық адамды кене шаққан

Маусым басталғаннан бері кене энцефалитінің 1 ықтимал жағдайы тіркелді

Алматы облысында 1500-ге жуық адамды кене шаққан

Алматы облысы кене энцефалиті бойынша эндемиялық аймақта орналасқан, маусым басталғаннан бері аудандар мен қалалардың медициналық ұйымдарына 1486 адам жүгінген, оның 58% - ы 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кене шағумен 1025 адам медициналық көмекке жүгінген, оның 64% - ы 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл кене шағу санының 31% - ға артқанын көрсетеді. 

Маусым басталғаннан бері кене энцефалитінің 1 ықтимал жағдайы тіркелді, науқас стационарлық жағдайда ем алды.  

"Осы жылдың сәуір айынан бастап орман және қалалық саябақтар мен скверлер аумағында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді. Осылайша, өңдеудің бірінші туры 968 га аумақты қамтыды, бұл 11 аудан және 2 қала. Атап айтқанда, Ақсу ауданында 18 га, Алакөл ауданында -51 га, Еңбекшіқазақ ауданында - 235,5 га, Ескелді ауданында - 55 га, Қарасай ауданында - 100 га, Кербұлақ ауданында - 40 га, Райымбек ауданында – 24 га, Сарқан ауданында – 38 га, Талғар ауданында – 263,5 га, Ұйғыр ауданында-55 га, Кеген ауданында-60 га жер өңделді., Талдықорған қаласында – 13 га, Текелі қаласында – 15 га. 
Айта кету керек, кенеге қарсы өңдеудің екінші кезеңі маусымның бірінші жартысында жоспарланған, бұл Алматы облысындағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты. Іс-шаралар басталар алдында міндетті түрде ақпараттық белгілер қойылады, азаматтарға кенеге қарсы өңдеуден кейін 3 тәулік ішінде саябақтарға, скверлерге және табиғи ошақтарға назар аудару және бармау қажет", – делнген Алматы облыстық санитариялық эпидемиологиялық қадағалау департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кене энцефалитінің алдын алудың негізгі шарасы вакцинация екенін атап өткен жөн. 

Алматы облысында егуді дәрігердің кеңесінен кейін тұрғылықты жері бойынша аумақтық емханалардан тегін алуға болады.

Серіктес жаңалықтары