Жартыжылдыққа арналған маусымдық болжам жылына екі рет жасалады
Келер жаз, ауа райының тұрақсыз сипаты бар күндермен — нөсер жаңбырлы, найзағайлы және желді, сондай-ақ ашық күндермен сипатталады. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Жазғы консультативтік маусымдық болжамға сәйкес, жаздың алғашқы екі айында республиканың батыс жартысында ауа температурасы нормадан жоғары, ал елдің шығыс жартысында — нормаға жақын болады деп болжануда. Тамыз айы салқын болады деп күтілуде — Қазақстанның көптеген облыстарында температуралық фон климаттық норма шегінде болмақ, нормадан жоғары тек Қазақстанның шеткі солтүстігінде ғана болады деп болжанады.
«Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болады, республиканың солтүстік-шығыс жартысында, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жаууы ықтимал. Шілде мен тамыз айларында болса керісінше, елдің көп бөлігінде жауын-шашын болады — климаттық нормаға жақын.
Анықтама: маусымдық ауа райы болжамы, қаралып отырған маусым үшін климаттық шамалардан ауытқу (аномалиялар) түрінде (көпжылдық норма) көрсетілген орташаланған метеорологиялық параметрлердің (ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері) сипаттамасын білдіреді», - делінген хабарламада.
Синоптиктердің хабарлауынша жартыжылдыққа арналған маусымдық болжам жылына екі рет жасалады:
Маусымдық болжам жылына 4 рет нақтыланады: қыс, көктем, жаз және күзге арналған болжамдар.