Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ресей Президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге келді», - делінген хабарламада.
Ұйымның іс-шарасы бүгін, 16 мамыр күні Кремльде өтеді.