Алматы облысында лай көшкіні жүріп, 5 жасар қыз бала жоғалып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Тау жотасынан сырғып түскен топырақ бірнеше үйді зақымдады

24.kz

Алматы облысының Текелі қаласында лай көшкіні жүріп, 5 жасар қыз бала жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

30-дан аса құтқарушы сол маңда тұратын жеткіншекті іздестіруге кіріскен. Нөсер жауын салдарынан тау жотасынан сырғып түскен топырақ бірнеше үйді зақымдап Қонаев көшесін жауып қалды.

Қазір оқиға орнында жергілікті билік өкілдері және ТЖД  қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.