Маңғыстауда кептелісті айналып өту үшін жол жиегіне шығып кеткен полицейге айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Айыппұл көлемі – 47 700 теңге

Бейнеден кадр

Маңғыстау облысында кептелісті айналып өту үшін  қызметтік көлігімен жол жиегімен жүрген полицейге хаттама толтырылды. Бұл туралы Lada.kz сайты жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған видеодан жүргізушілердің көзінше патрульдік көлік қиылыста жол жиегімен жайбарақат жүріп өтіп, кейін жолға қайта шыққанын көруге болады.

Өңірлік полиция департаменті жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабының 1-бөлігі ("Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру") бойынша хаттама толтырылғанын хабарлады.

Енді тәртіп бұзушы 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 47 700 теңге айыппұл төлейді.