Полиция тексеру жүргізіп жатыр
Екібастұзда көшеде тегіс ұңғылы аңшы мылтығын ұстап жүрген 33 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы және 16 калибрлі екі патрон тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.
Полиция тексеру жүргізіп жатыр.
Ұсталған азаматтың мас болғаны атап өтіледі. Ол айықтырғыш орынға орналастырылды.