Бұл дерек Полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Екібастұзда Lada-21074 көлігінің жүргізушісі жолға шығып бара жатып Kia Rio көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы видеоға түсіп қалған. Бұл туралы Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, жол апаты 14 мамырда сағат 15.50-де Мұхтар Әуезов атындағы көшеде болған. Lada көлігін 48 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан, ол Kia Rio-ға жол бермеген.
Соққыдан Lada-дағы адамдардың бірі көліктен жолға ұшып шыққан. Ал Kia соқтығысқаннан кейін қозғалыс бағытын өзгертіп, басқа көлікті соққан.
"Жол апаты салдарынан Lada жүргізушісі мен оның жолаушылары түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек Полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Павлодар облысының ПД қызметкерлері.