Алматы зообағында екі жігіт тордағы жолбарысты ызаландырған

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта осы мәселе жан-жақты қарастырылып жатыр

Фото ашық дереккөзден

Алматыда екі жігіт тақтайшаларда жазылған ескертулерді елеместен, техникалық аумаққа қоршаулардан аттап кіріп, тордағы жолбарысты ызаландырды. Бұл туралы хайуанаттар бағының әкімшілігі әлеуметтік желі арқылы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Өкінішке қарай, қауіпсіздік қызметкерлері хайуанаттар бағының әр бұрышында тұра алмайды. Өйткені, зообақ аумағы үлкен - 21 га. Біз жануарларға осындай дөрекі іс-әрекеттер жасалғанын қаламаймыз. Қазіргі уақытта осы мәселе жан-жақты қарастырылып жатыр. Кінәлілер міндетті түрде жазасын алады», - делінген хайуанаттар бағының Instagram парақшасында.

Олар жыртқышқа әлдебір заттарды лақтырып, мазасын алып, зообаққа келуші басқа адамдарды балағаттаған.