Өткен тәулікте елімізде 5 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі екі қалада тіркелді

Фото ашық дереккөзден

Өткен тәулікте Қазақстанда 5 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі еліміздің екі қаласында тіркелді. Атап айтқанда, біреуі Нұр-Сұлтанда, қалған төртеуі Алматыда.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 636 жетті.

Сондай-ақ, еліміз бойынша 258 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Сонымен, осы дерттен сауыққандар саны - 1 291 748.