Ауа райының күрт нашарлауына байланысты жедел телефон желісі де іске қосылды
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты шұғыл штаб құрылып, жедел телефон желісі іске қосылды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі.
«Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Төтенше жағдайлар департаментінде шұғыл штаб құрылып, жедел телефон желісі іске қосылды. Нөмірлері: 24-52-12, 24-51-71, 24-51-47», - деп жазды А.Көлгінов.