Қазақстанда қантты экспорттауға тыйым салынады

Автор: Azattyq Rýhy

Шектеу алты ай мерзімге енгізілмек

фото: inbusiness.kz

Қазақстанда қант экспортына тыйым салынады. Ақ қант пен құрақ қант шикізатына шектеу алты ай мерзімге енгізілмек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауары болып табылатын қант тапшылығының алдын алу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ақ қант және құрақ қант шикізатын Қазақстан Республикасы аумағынан экспорттауға алты ай мерзімге тыйым салу енгізеді»,- деп көрсетілген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.