«Еurovision-2022» шоуы Қазақстанда көрсетілмейтін болды

Автор: Azattyq Rýhy

«Хабар» агенттігі не себепті мұндай шешім қабылдағанын жариялады

Фото: ашық дереккөзден

«Хабар» агенттігі биыл 14 мамырда өтетін халықаралық EUROVISION ән байқауының Гранд финалын көрсетпетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Агенттік биылғы байқаудың Гранд финалының көрсетілімінен бас тартуға мәжбүр (2022 жылғы мамырдың 15-не қараған түні). Агенттік өте төмен рейтинг жинайтындықтан осындай шешімге келді. Бұдан бөлек, Қазақстанның еліміздің әншілерін байқауға жіберуге біздің уақытпен түнде өтеді», - делінген агенттік хабарламасында.

«Хабар» телеарнасы көрермендерге маусым айында Вена филармониялық оркестрі қоятын «Summer Night Concert 2022» атты кешті тамашалай алатынынын, Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдастырылған мүшесі болғандықтан агенттікте осындай мүмкіндік туып отырғанын жеткізді.