Дина Жоламан Астана қаласында өткен әлем чемпионатында алтын жүлде алған болатын
Қазақстандық боксшы Дина Жоламан әйелдер арасындағы әлем чемпинатының бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жоламан бірінші айналымда испаниялық Мария Мадуэно Кондеге қарсы жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 5:0 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Айта кетейік, 2016 жылы Жоламан Астана қаласында өткен әлем чемпионатында алтын жүлде алған еді.
Еске салайық, осыған дейін әлем чемпионатының екінші айналымына қазақстандық боксшылардан Алуа Балқыбеков (48 келі), Жайна Шекербеков (52 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Валентина Хальзова (70) жеңіске жетті.
Ал Назым Қызайбай (50 келі), Аида Әбікеева (63 келі) және Надежда Рябец (75 келі) алғашқы айналымда жеңіліп қалды.