Ақтаудағы өрттің иісі: экологтар көрсеткіштер қалыпты деңгейде дейді

Автор: Azattyq Rýhy

Маңғыстау облыстық экология департаменті ауаның ластану шегін тексерген

фото: mangystaumedia.kz

Ақтаудағы өрттің иісіне қатысты экологтар тұрғындардың шағымына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy mangystaumedia-ға сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық Экология департаментінің қызметкерлері Ақтау қаласында ауаның құрамын тексеріп, концентрация мөлшері рұқсат етілген шектен асып кетпегенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Ақтаудағы атмосфералық ауа мониторингі төрт бекетте жүргізіледі.