Күдіктінің қалай және қайда қашқаны әзірге белгісіз
Ұрлық жасаған күдікті Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
11 мамырда мұнай-газ құбырынан ұрлық жасады деген айыпталушы тергеу изоляторынан қашып кеткен.
«Қазір ол азаматты іздестіру және ұстау бойынша жедел шаралар жүргізілуде. Аталған факті бойынша Шымкент қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес, тергеу мәліметтері мен өзге де мәліметтер жария етілмейді», – деді Шымкент қаласы Қылмыстық Атқару жүйесі департаменті өкілдері.