Қазақстан мен Сербия химия және биологиялық қорғаныс саласында ынтымақтастық орнатады

Автор: Azattyq Rýhy

Екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы байланыс орнату мәселесі талқыланды

фото: www.gov.kz

Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин мен Сербия Республикасының әскери атташесі полковник Саша Момчиловичпен әскери ынтымақтастықтың даму көкжиегін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тараптар қорғаныс ведомстволарының өзара іс-қимылы неғұрлым нәтижелі болуы мүмкін деген бағыттарды атап өтті. Олардың қатарында әскери білім мен ғылым, әскери дайындық, әскери-техникалық ынтымақтастық, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс салалары бар», деп көрсетті ҚР Қорғаныс министрлігі.

Әскери ведомстволар өкілдерінің пікірінше, екі жақты әріптестік қатынастар Қазақстан мен Сербияның қорғаныс қабілетін нығайтуға оң ықпал ететін болады.