Олардың басым бөлігі амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 10 мамырдағы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
10 мамырдағы мәлімет бойынша, 1 243 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 76 пациент стационарда, 1 167 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 10 адамның жағдайы ауыр, ал 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.