Байқоңыр айлағы аумағынан шетелдік екі азамат ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың бірі танымал блогер

фото: aikyn.kz

Байқоңыр ғарыш айлағында "Буран" кешенінің 112 ұшыру алаңы маңынан шетелдік екі азамат ұсталды. Бұл туралы "Роскосмостың" бас директоры Дмитрий Рогозин Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сағат 18:10-да "Оңтүстік" ғарыш орталығынан (Байқоңыр) 112 ұшыру алаңы маңында (қазақстандықтарға тиесілі "Буран" кешені) Ұлыбритания азаматы блогер Рич Бенджамин және Беларусь азаматы Алина Зелупа ұсталғаны туралы хабарлама түсті. Екеуі де Байқоңыр Ішкі істер басқармасында. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заңсыз әрекеттерді ұйымдастыруда Бенджамин мен Залупаны байланыстыратын қатынас анықталып жатыр», - деп жазды Дмитрий Рогозин Telegram-арнасында.

Бенджамин Рич - 4 миллионға жуық оқырманы бар танымал youtube-блогер. Ол бұрынғы Кеңес Одағы мен Азия елдеріне саяхаты туралы бейнероликтер жариялайды.