Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Лама Шарифке сөгіс жариялады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің Telegram-каналында хабарланды

Фото: flickr.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырдағы төтенше және өкілетті елшіге сөгіс жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің Telegram-каналында хабарланды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады», - делінген хабарламада.