Ақтаудағы самса сататын дүңгіршекте тышқандар өріп жүр

Автор: Azattyq Rýhy

Қала тұрғыны бұл жайтты видеоға түсіріп алған

Бейнеден кадр

Ақтау тұрғыны қалада самса, бәліш сататын дүңгіршектердің бірінде тышқандар жүргенін видеоға түсіріп алды. Кадрлар Instagram-да жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy InAktau сайтына сілтеме жасап.

Видеода екі тышқан нанда жүргенін көруге болады. 

"Көшеде тамақ алғанда абай болыңыздаршы, өтініш. Бір нәрсені сатып алмас бұрын айналаңызға қараңыз, бұл сұмдық қой. Бірнеше тышқан жүр. Бұл 22-шағынаудандағы базар, құрылыс дүкенінің артында", - дейді видео авторы.