Мемлекеттік хатшы: Референдум – президенттік саяси реформалар бағдарламасын іске асырудың кезекті кезеңі

Автор: Azattyq Rýhy

Ерлан Қарин бағдарламаның жүйелі сипатқа ие екенін атап өтті

Фото ашық дереккөзден

Бүгін Президент ел Конституциясына түзету енгізу жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің пайымынша, бұл – Мемлекет басшысының ерекше саяси маңызы бар айрықша шешімі. 

Ерлан Тынымбайұлы бағдарламаның жүйелі сипатқа ие екенін де алға тартты. 

«Бұл реформалар қоғам мен сарапшылардың өтініштері мен ұсыныстарына негізделгендіктен, Президенттің оларды референдум арқылы жүзеге асыру туралы бастамасы қисынды деп айтар едім. Қазақстандағы қазіргі референдумның ерекшелігі – Мемлекет басшысы Конституциялық реформаны кеңейтпейді, керісінше өз өкілеттіктерінің бір бөлігін басқа билік институттарына қайта бөледі. Осылайша, Конституциялық реформа жөніндегі алдағы референдум Екінші республиканың – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастардың жаңа, неғұрлым тиімді және теңгерімді моделінің құқықтық негізін қалайды», – деп түсіндірді Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында.