Сенат «Референдум туралы» заңнан Елбасы жайлы норманы алып тастады

Автор: Әсел Оршыбекова

Сенат «Референдум туралы» заң жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды.

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Құжаттың бұрынғы нұсқасы бойынша Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты мәселелер республикалық референдумның нысанасы бола алмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түзету қолданыстағы Заңның 3-бабының 2-тармағы туралы болып отыр. Сенаторлар «Референдум туралы» заңнан Елбасы туралы норманы алып тастады.

Енді бұл заң жобасын Мәжіліс депутаттары қайта қарайтын болады, егер олар келіссе, құжат алдағы уақытта Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.